Астанада LRT өртенді

Астананың жаңа теміржол вокзалы маңында LRT құрылысынан өрт шықты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Астанада LRT өртенді
Фото: Видеодан алынған скрин

«Бүгін Алматы ауданында «Нұрлы Жол» темір жол вокзалының маңында салынып жатқан ЖРК бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптардың жануы орын алды. ТЖМ күштері 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді», - деп хабарлады қалалық ТЖ департаменті.

Ұйымның хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр. 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау керек.