Қарағанды облысында екі оқушы қыз суға батып кетті

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 2011 және 2009 жылғы екі қыз Нұра өзеніне батып кетті. 

Қарағанды облысында екі оқушы қыз суға батып кетті
Фото: istockphoto.com

Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 29 маусымда Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған.

Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жердің иірімі қатты, жағадан 4 метрдей жерде тік жар бар. Оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз жағада қалған – болған жайтты жақындарына сол қыз хабарлаған, - делінген хабарламада.