Алматы-Қорғас тас жолында жол апатынан төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол-көлік апаты тіркеліп, 4 адам опат болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. 

«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.