Таразда қатты жел салдарынан көлік үстіне ағаш құлады (ВИДЕО)

Дауылдың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр...

Таразда қатты жел салдарынан көлік үстіне ағаш құлады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Тараз қаласында қатты жел соғып, үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Дауылдың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Бейнероликтердің бірінде ағаштың көлік үстіне құлағаны байқалады.

"Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз", - дейді тұрғынның бірі желіде тараған видеода.