Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды

Алматыда мопед жүргізушісі көп тонналық жүк көлігін басып озбақ болғанда қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды
Фото: zakon.kz

Iveco жүк көлігі Мөңке би көшесінің оңтүстік жағындағы құрылыс нысанына қарай келе жатады. Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында келгенде ол оңға бұрыла бастайды.

Онымен қатар автобус жолағында мопед келе жатады. Оның жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болады, алайда соңғысы мопед тарапына қарай бұрылады. 

Мопед Iveco-ға соқтығысып, 20 жастағы жолаушы жол жиегіне ұшып түседі, ал рөлдегі 22 жастағы жігіт жүк көлігі дөңгелектерінің астына түседі. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Ал оның қасындағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Адамның денесін дөңгелектер астынан алу үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келді.