Нұр-Сұлтан-Шымкент ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ал жолаушылардың айтуынша, ұшақ Алматыға қону үшін екі рет әрекеттеніп, тек үшіншісінде ғана әрең қоныпты. 

Нұр-Сұлтан-Шымкент ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды
фото: ашық дереккөз

Бүгін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшқан FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонды, деп хабарлады paryz.kz, "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі жоспарсыз қону ауа райына байланысты болғанын айтты.

"2021 жылы 19 ақпанда сағат 08.55-те 7325 бортында Нұр-Сұлтан - Шымкент бағытындағы ұшақ ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу 10.45-ке ауыстырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы ұшақтың қауіпсіз жерге қонғанын, жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпегенін мәлімдеді. Ал жолаушылардың айтуынша, ұшақ Алматыға қону үшін екі рет әрекеттеніп, тек үшіншісінде ғана әрең қоныпты.