Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты

Қазақстанда автобус жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты
Фото: pixabay.com

ZTB мәліметінше, бұл жолы жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, соққыға жықты. 

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда ашуға булыққан жолаушының жүргізуші кабинасына барып, есігін ашып, сабап жатқанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Қоғамдық автобуста 47 жастағы ер адам 49 жастағы жүргізушіні соққыға жықты. Қазір жүргізушінің қаншалықты жарақат алғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.