Сарыағаштық әйел түнде мешіттің кілемдерін ұрлап кеткен

Түркістан облысының полицейлері мешіттегі кілемдерді қолды қылған күдіктіні тапты.

Сарыағаштық әйел түнде мешіттің кілемдерін ұрлап кеткен
фото: filippoventuri.photography

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне барып, төсеулі тұрған екі кілемді ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары күдікті әйелден ұрланған айғақ заттарды тәркіледі. Қазір олар әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.Ө