Әкесі телефонын тартып алған қыз ажалдан аман қалды

Түркістан облысында полиция өзіне қол салмақ болған қызды құтқарды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Әкесі телефонын тартып алған қыз ажалдан аман қалды
Фото: polisia.kz

102 пултьніне жасөспірімнің көпірден секірмек болғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына Ерғазы Жүнісов, Марат Әуезов, Бахром Хашимов атты учаскелік полиция инспекторлары шұғыл жеткен.

Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары қызбен сөйлескен. Содан кейін полицейлердің бірі ұтымды сәтті пайдаланып, 9-сынып оқушысын ұстап алып, қауіпсіз жерге апарған.

Жасөспірім мұндай әрекетке әкесімен ұрсысып қалғанан барған. Айтуынша, әкесі оның ұялы телефонын тартып алыпты.

Қызының аман қалғанына қуанған әке тәртіп сақшыларына алғыс айтты.