Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Петропавлда 5 қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті
Фото: видеодан скриншот

Төбе жабыны қалың қарды көтере алмаған. Оқыс оқиға Абай көшесінде орналасқан 84-ші үйде тіркелді. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, баспананың шатыры соңғы рет 45 жыл бұрын жөнделген. Пәтер иелеріне «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту» бағдарламасы бойынша төбені ауыстыру ұсынылды, деп жазады qazaqstan.tv.