Құлсарыда топтық төбелес болып, жасөспірім көз жұмды

Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім еткен, деп хабарлайды Paryz.kz  жергілікті AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Құлсарыда топтық төбелес болып, жасөспірім көз жұмды
novosti.az

Полиция департаментінің мәліметінше, 19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.