Біреуі мерт болған: ШҚО-да екі ер адам қарлы боранда адасып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында Маралда ауылдық округі аумағында қайғылы оқиға болды. Үшбұлақ ауылынан Сарытау учаскесіне атпен қайтып бара жатқан екі ер адам қарлы боранға тап болып, адасып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Біреуі мерт болған: ШҚО-да екі ер адам қарлы боранда адасып кеткен
Фото: pixabay.com

Аltaynews жазуынша, ауа райының қолайсыздығынан жолаушылар жолда түнеуге мәжбүр болады. Өкінішке қарай, олардың бірі суықтан үсіп қайтыс болып кеткен, ал екіншісінің аяғын үсік шалған.

«Зардап шеккен ер адам қазіргі кезде Сарытау учаскесіне жеткізілді. Оған одан ары медициналық көмек көрсету үшін Өскеменге алып кету керек, сондықтан тікұшақ жолға шықты. Шығысқазақстандық санитарлық авиация бригадасының құрамында реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Лариса Величко бар», - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазірше полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.