Шымкентте оқушы сабақ кезінде қайтыс болды

Шымкентте сабақ кезінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды. Жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, деп хабарлады Paryz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте оқушы сабақ кезінде қайтыс болды
Фото: egemen.kz

Шымкент Білім басқармасы мәліметіне қарағанда, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып, құлап қалған. Сол кезде мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Мектепке келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болған. Алайда жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, көз жұмған.

Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.