Атырауда шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен

Атырау қаласында шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен. Оның мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. 

Атырауда шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен
Фото: azattyg.ruhy

Департаменттің мәліметінше, оқиға кеше, 10 қаңтарда болған.

«Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі сағат 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған», - делінген хабарламада.

Қазір дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Полиция қызметкерлері шетелдік тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.