Атырау облысында енесі күйеубаласын пышақтап өлтірген

20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 1986 жылы туған әйел анасының азаматтық некедегі жолдасының ішінен ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Атырау облысында енесі күйеубаласын пышақтап өлтірген
Фото: sb.by

«Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.     

Айта кетейік, аталған жанұяда бұрын да отбасылық жанжал орын алып, күдікті ер адамның қаңтар және сәуір айларында екі мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды.