Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерін көлік қағып өлтірді

Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Челябинск – Новосибирск тас жолында болған. Полиция қызметкері қатты соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерін көлік қағып өлтірді
Фото: Pixabay

Көлік жүргізушісі тәртіп сақшысын қағып өлітіп, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкерінің қызметте болмағаны анықталды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.

Сәуірдің 28-і күні республикалық маңызы бар Челябинск – Новосибриск тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта көлік жүргізушісін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.