Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz. 

Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды
Фото: inform. kz

Оқиға бүгін, сағат 08:45–те «Самара — Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», — деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Полиция мән-жайды анықтауға кірісті. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам және 16 жастағы екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жағдай анықталып жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.