Жамбыл облысында бір отар қой мұз құрсауында қалды (ВИДЕО)

Жамбыл облысының Шу ауданында бір отар қой қырылып қалды. Бұл туралы видеоларды журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасына жариялады.

Жамбыл облысында бір отар қой мұз құрсауында қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Боранды күні ық іздеп, ауыл шетіндегі каналға түскен 300 бас ұсақ мал судан шыға алмай, қатып қалды. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ауыл жұртына бұл – үлкен уайым. Қазір айнала қарлы боран, енді мұнда қасқыр үйірілетіні анық. Ертең күн жылыса, өлген мал сасиды, - деп жазды әріптесіміз.

Жалпы, елімізде малды қараусыз қалдырып, арам қатыру оқиғасы жиілеп кеткен. Бағымсыз төрт түліктің тасжол мен темір жол бойында көлік апатына себеп болып жатқаны қаншама?!