Шығыс Қазақстанда өзен арнасынан асып, үйлерге су кірді

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Өрел өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Шығыс Қазақстанда өзен арнасынан асып, үйлерге су кірді
Фото: Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, Катонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, су 3 үйге кіріп, 9 үйдің ауласына жайылды.

Белгілі болғандай, күнің күрт суытуына байланысты өзен арнасына мұз қатып, соның салдарынан судың деңгейі көтерілген. Оқиға орнына дереу жеткен аудан әкімі Ділдар Қалтқан төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол жерде жергілікті атқарушы органның және Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

- Арнайы техникалар да жұмылдырылды. Мотопомпалармен су сорылып, сыртқа шығарылды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнасын қар-мұздан тазарту жұмысы жалғасады. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық жұмыс атқарылуда, - деді Д.Қалиқан.