Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде әкімдік ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті
Фото: видеодан скриншот

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр», - делінген хабарламада.

Воскресеновка ауылдық әкімдігінде болған өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды.

Өрт 12 желтоқсанға қараған түні болған.