«Қазақмыс» компаниясының машинисі конвейерге қысылып көз жұмды

«Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қазақмыс» компаниясының машинисі конвейерге қысылып көз жұмды
Фото: azattyg.ruhy

«Конвейер механизмімен қысылу нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді», - делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламасында.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.