Қостанай облысында анасы мен екі баласы ыс тиіп көз жұмды

Оқыс оқиға Қостанай облысының Қоржынкөл ауылдық округіне қарасты Лесное ауылында болған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қостанай облысында анасы мен екі баласы ыс тиіп көз жұмды
Фото: tengrinews.kz

Әйел мен оның 10 және 15 жастағы екі баласы оқиға орнында көз жұмды, деп жазды Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал балалардың әкесі ауруханада жатыр.

Құтқарушылар өлімнің алдын ала себебі ретінде пештегі жарық салдарынан иіс тиіп, улану деп атады.