Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды
Фото: egemen.kz

Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Қазір күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.