Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар қыз көз жұмды

Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар қыз көз жұмды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10:29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жеке меншік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде», – дейді департаментте. 

Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.  

Тілсіз жау сағат 11:45-те оқшауланып, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.