Алматы облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік  желіде жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматы облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды
Фото: видеодан скриншот

Желідегі жазбаға сүйенсек, төбелеске үлкен балалардың ақша талап етуі себеп болған.

Төбелес кезінде 17 жастағы бір жасөспірім қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша төртеуі түрлі жарақат алып, ауыр халде жатыр, - делінген жазбада.

Желіде жарияланған бейнежазбадан жасөспірімдердің жаппай төбелесі кезінде оқ атылғанын да анық естуге болады.