Қымбат көліктің иесі жолда жедел жәрдем жүргізушісіне қол ала жүгірген (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында қымбат көліктің иесінің жолдың дәл ортасында жедел жәрдем жүргізушісіне қол ала жүгірген видеосы тарап жатыр. Бұл видеоны белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook-те жариялады.

Қымбат көліктің иесі жолда жедел жәрдем жүргізушісіне қол ала жүгірген (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Видеода Volkswagen көлігінің жүргізушісі жолдың дәл ортасында тапа-тал түсте Жедел жәрдем қызметінің қызметкерімен төбелесіп жатқаны түсірілген. Осы оқиғаға қатысты юрист Түркістан облысы прокуратурасынан жауап күтетінін де жазған.

Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда!

Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтіннің тағы бір дәлелі!

Бәрінің көзінше полиция қызметкерінің қолын алып, көлік басқарып кетіп қалу -ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШЕГІ!

Қызметте жүрген дәрігерлерді ұрып соғып, ішіп алып көлік басқарғаны үшін полиция қызметкерлері жәй ғана жібере салғанын Мұрат Қабденов мырза қалай түсіндіресіз?

Антикор Түркістан – ОЯНАМЫЗ!

Облыстық Прокуратура –  ұйықтамай бақылауға аламыз!

Қандай шара көрілді, ресми ақпарат күтем!, – деді ол.

Әзірге облыстық прокуратурадан ресми түрде жауап келген жоқ.