Түркістан облысында тау басында жоғалған туристің денесі табылды

Түркістан облысында таудан адамның мәйіті табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Түркістан облысында тау басында жоғалған туристің денесі табылды
Фото: ТЖМ

ТЖД құтқарушылары теңіз деңгейінен 3800 м биіктіктен 56 жастағы шетелдік туристің мәйітін тапты.

Қазіргі уақытта мәйітті жаяу түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатып тұр, - дейді министрлік.

Құтқарушылардың айтуынша, турист шыңнан түсіп келе жатқанда құлап кеткен.

Құтқару-іздестіру кезінде үздіксіз жаңбыр, бұршақ араласқан қар түріндегі ауа райының қолайсыздығы қиындық тудырды. Айта кетері, жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады, бұл қар аралас жауын-шашынның салдарынан құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатты, - дейді ведомство.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылған.