Атырауда алапат өрт болды

Бүгін, 22 маусымда сағат 13:04-те Атырау қаласы Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен от шыққаны туралы шұғыл қызметке шақырту келіп түсті, деп хабарлайды paryz.kz.  

Атырауда алапат өрт болды
Фото: видеодан скриншот

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы әмбебап дүкеннің шатыр жабындысы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метр жабындыны шарпыған. Өрт сағат 14:27 ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды. 

"Өртті сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, "Семсер – Өрт сөндіруші" ЖШС, "СКЭБР", "Атма Аэропорт" АҚ, "Апаттар медицина орталығынан" барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Өрттің шығу себептері анықталуда.