СҚО-да жол-көлік апатынан 5 адам мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін «Көкшетау-Омбы» автожолының бойында екі көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

СҚО-да жол-көлік апатынан 5 адам мерт болды
фото: ПД

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым сағат 7:55-те Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы «Көкшетау-Омбы» автожолының 53-шақырымында «Lexus» және «ВАЗ-2104» автомашиналары соқтығысты.

Полицейлердің айтуынша, «Lexus» автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатқан, жолда көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.

Жол-көлік апаты салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның екеуі екі автокөліктің жүргізушілері. Ал, жарақат алған екі адам медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды.

Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет») сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды