Зейнеткер үйіне жас қызды ертіп келіп, күтпеген оқиғаға тап болды

Жетісу облысында зейнеткердің үйіне келген қонақ телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер үйіне жас қызды ертіп келіп, күтпеген оқиғаға тап болды
фото: Полиция департамент

78 жастағы Үштөбе тұрғынының сөзінше, жаңбырлы күні күдікті қарттың үйіне қонақ болуға өзі сұранған. Қонақ қыз кеткеннен кейін үй иесі ұялы телефонын ешбір жерден таппай, жоғалғанын байқаған.

Қаратал аудандық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде дәл осындай құқықбұзушылық үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні ұстады.

"Полиция қызметкерлері өтінішімді кейінге қалдырмай, жылдам қарастырып, ұрлықты тез арада ашқанына өте қуаныштымын. Ұрланған телефон қайтарылды. Полицейлерге кәсіби жұмысы үшін алғыс айтамын", - дейді қария.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.