Алматыдағы жантүршігерлік апатта адамдар жан-жаққа "шашылып қалған" (ВИДЕО)

Ескерту: видеода балағат сөздер бар...

Алматыдағы жантүршігерлік апатта адамдар жан-жаққа "шашылып қалған" (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 6 адам жарақат алды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер оқиға 19 желтоқсан күні сағат 10.40 шамасында болғанын мәлімдеді.

LADA Granta маркалы автокөлікті басқарған К. есімді жүргізуші Жүргенов көшесімен шығыс бағытқа қарай келе жатып, Жангелдин көшесімен қиылысқан тұстағы жол ережесінің 2,4 белгісін ескермеген. Бұл ереже бойынша LADA Granta-ның жүргізушісі негізгі жолды қиып өтетіндіктен, Жанкелдин көшесіндегі көліктерге жол беруі тиіс болатын.

"Жүргізушінің жол ережесін елемеуі салдарынан жеңіл көлік оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан Yutong автобусымен соқтығысты", – делінген хабарламада.

Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, ал автобустың 2 жолаушысы жарақат алған. Ал желіде жарияланған видеода алдыңғы бөлігі майысқан қоғамдық көлік жолдың қақ ортасында тоқтап тұр. Соққының әсерінен болу керек, жеңіл көлік жол жиегіндегі арықтың үстіне кесекөлденең тұрып қалған. Бейнеде жолаушылардың бірі жаяу жүргіншілер жолының үстінде жатса, енді бірінің арықтың ішіне құлап, кептеліп қалғаны көрінеді.

Полицейлердің айтуынша, "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалыпты.

Ескерту: видеода балағат сөздер бар.