Қыз бала жігітті жерге жатқызып, соққыға жықты: полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода қыз бала жігітті жерге жатқызып тепкінің астына алған, балағат сөздер айтып, одан ақша талап еткен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қыз бала жігітті жерге жатқызып, соққыға жықты: полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Фото: видеодан скриншот

Алматы қалалық полиция департаменті жұдырық ала жүгірген қыздың жасы 18-де екенін және оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Іс жүргізу шеңберінде осы заңсыз әрекетті жасаудың мән-жайы анықталатын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы колледждердің бірінің студенті болып саналатын 2005 жылы туған Б.есімді азаматша ювеналдық полицияның есебіне қойылды.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды.

Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.