СҚО-да жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстанда 6 қаңтар күні балықшы жоғалып кеткен болатын. 5 күн бойы іздестіру шараларын жүргізген құтқарушылар Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 3 шақырым қашықтықта оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

 

СҚО-да жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетсек, Болат Аниевтің үйіне оралмағанын полицияға анасы хабарлаған. Жоғалған жігіт Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында тұрған. Ол 6 қаңтар күні күні достарымен бірге Шал ақын ауданындағы Ступинка елді мекенінің маңығдағы көлге барған. Кейін достарынан бөлек кеткен. Алдын ала болжам бойынша балықшы қатты аязда үсіп қалған. Сол күні марқұммен бірге көлге барған 2 досы тергеліп жатыр.