Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі okzhetpes.borovoe Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталды.

Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев - кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі.