Маңғыстау облысында салафиттер ер адамды айуандықпен азаптап, оны видеокамераға түсірген

Маңғыстау облысының полицейлері ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі «Лада» сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілерге адам ұрлап, оны бопсалады деген айып тағылып отыр. Олар қару қолдану арқылы жәбірленушіден ірі көлемде ақша талап еткен.

«4 ер адамнан тұратын топ жәбірленушіден 8 миллион теңге талап еткен. Олар жәбірленушіні Ақтаудағы жалдамалы пәтерлердің біріне әкеліп, аяқ-қолын байлап әбден азаптаған. Азаптау үшін пышақ, электрошокер, тапанша пайдаланған. Күдіктілер өздерінің осы әрекетін толықтай видеокамераға жазып алған. Оқиға 13 қыркүйекте сағат 23:20 шамасында болған», - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктілер түгел ұсталып, тергеу изоляторына жабылған. Олардан айғақ заттар тәркіленіп алыпынпты. Қылмыстық іс «бопсалау» және «адамды еркінен тыс бостандығынан айыру» баптары бойынша қозғалып отыр. ұсталған төрт жігіт те салафизм ағымын ұстанушылар.