Алматыда полицей қызметтік көлігімен 49 жастағы әйелді қағып өлтірді

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті деп хабарлайды Paryz.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда полицей қызметтік көлігімен 49 жастағы әйелді қағып өлтірді

Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Әйелді қағып өлтірген полиция қызметкері уақытша ұстау абақтысына жабылды.