Атырау-Алматы ұшағы апатты жағдайда қайта қонды

Кейін нақтыланғандай, ұшқан кезде ұшақ салонында кондициолану жүйесі индикациясы іске қосылған.

Атырау-Алматы ұшағы апатты жағдайда қайта қонды
фото: ic24.kz

Бүгін Атырау-Алматы рейсіндегі SCAT әуекомпаниясының Boeing 737-300 ұшағы ұшып шыққан әуежайына апатты жағдайда қайта қонды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"DV770 рейсі екі сағаттай уақыт бойы аспанда ұшып, отынын шамалы жағып жүрді де, қайта қонды", - делінген хабарда.

Кейін нақтыланғандай, ұшқан кезде ұшақ салонында кондициолану жүйесі индикациясы іске қосылған.

"Осыдан кейін әуе кемесінің командирі әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарда.