Көктайғақтың салдарынан 29 көлік бір мезетте соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтару үшін қарсы жолақты 4 сағатқа жабуға мәжбүр болған.

АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Монтиселло қаласының маңындағы автожолда 29 жеңіл және жүк көлігі жаппай жол апатына ұшырады. Оның соңы өртке ұласып, оннан астам көлікке зиян келген, деп хабарлады paryz.kz, CBS-ке сілтеме жасап.

Тілшілердің мәліметінше, синоптиктер өңірде дауыл тұрып, қар жауатынын ескерткен. Оқиғаға көктайғақ себеп болған.

Видеодан алдымен жүк көліктерінің иелері рөлге ие бола алмай қалғанын байқауға болады. Осыдан соң оларға өзге көліктер де бірінен соң бірі келіп соқтығысқан.

Жол оқиғасының салдарынан зардап шеккен оннан астам адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтару үшін қарсы жолақты 4 сағатқа жабуға мәжбүр болған. Ал магистральді көлік қалдықтарынан тазалауға 9 сағат кеткен.