Талғарда өрттен үш адам қаза тапты

"Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды".

Талғарда өрттен үш адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 03:40-та Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы дереу жіберілді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04:06-да оқшауланып, сағат 04:50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрттің тұтану себептері анықталуда.