Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Алматы орталығында төрт көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың арасында жедел жәрдем көлігі де бар, деп хабарлайды  Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Жол апаты Мұқанова - Төле би көшелерінің қиылысында болды. Бірнеше автоның соқтығысы нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалған. Жүргізушінің сөзінше, Honda Accord қызыл түске жүріп, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Одан кейін оларға Daewoo Nexia мен Honda Odyssey көліктері соғылған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бір адам зардап шекті. Жол апаты салдарынан кептеліс орын алды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Олар жол апатының мән-жайын анықтауда.