"Жолға жүгіріп шыққан": Қарағандыда бойжеткенді пойыз қағып кетті

Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жолға жүгіріп шыққан": Қарағандыда бойжеткенді пойыз қағып кетті
Сурет: Stan.kz

Оқиға 10 сәуірде Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде болған. Қыз жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан.

Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығынан құрамды тоқтату мүмкін болмады.
Қыздың жеке басы анықталды. Оның жасы 18-де.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды", - делінген хабарламада.

Компания марқұмның жақындарына көңіл айтты