Қазақстан мен Мексика хоккейшілері жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

Оқиға Dubai Ice Hockey Open Cup әуесқойлары арасындағы хоккейден халықаралық турнирде болды.

Dubai Ice Hockey Open Cup әуесқойлары арасындағы хоккейден халықаралық турнирде Қазақстан мен Мексика құрамаларының ойыншылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл оқиға қазақстандықтар 5:2 есебімен сенімді жеңіске жеткен матч аяқталғаннан кейін болған.