Нұр-Сұлтанда мас жігіт анасына қол жұмсаған

Ауданаралық әкімшілік сот судьясының қаулысымен 31 жастағы ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Нұр-Сұлтанда мас жігіт анасына қол жұмсаған
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны анасын ұрғаны үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"54 жастағы әйел әкімшілік аймақты аралап жүрген Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторына жүгініп, ішімдік ішіп алған ұлының соққыға жыққаны туралы шағымданды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Ауданаралық әкімшілік сот судьясының қаулысымен 31 жастағы ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.