Бүгін түнде Ыстықкөл аумағында да жер сілкінді

2,5 балдық дүмпу сезілген.

Бүгін түнде Ыстықкөл аумағында да жер сілкінді

Бүгін түнгі сағат 12 шамасында Ыстықкөл облысы аумағында 3,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады paryz.kz, Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің ҰҒА сейсмология институтының хабарлауынша, 2,5 балдық дүмпу Жеті-Оғыз ауданының Саруу, Қызыл-Суу, Жалғыз-Орук, Дархан ауылдарында сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбан болғандар жоқ.