Алматыда митингке трансгендерше киініп келген жігіт соққыға жығылды (ВИДЕО)

Қанжоса болған Юрий желіде үндеуін жолдады. Ол трансгендерлердің құқығы үшін күресетінін мәлімдеді.

Алматыда митингке трансгендерше киініп келген жігіт соққыға жығылды (ВИДЕО)
фото: stan.kz

Алматыда 31 қазан күні бейбіт митинг өтті. Митингіде трансендер образындағы ер адам Юрий Толочко ерекше көзге түсті. Онда жиналғандар әйел бейнесіндегі ер адамды ұрып-соғып, қысымға алды. Ал Юрий Толочко трансгендерлердің құқығын қорғағысы келеді, деп хабарлады Stan.kz.

Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда саяси тұтқындарды босату талаптарымен санкцияланған митинг өтті. Оған келушілер саяси тұтқындарды босатуды, Парламенттегі жас депутаттардың санын көбейтуді, мемлекеттік басылымдарда митингілер мен тұтқындалғандарды жариялауды талап етті.

Ал митингіде әйел болып киінген Юрий Толочконы көпшілік қыспаққа алды. Оның ортадан кетуін талап етіп, ұрып-соқты. Қанжоса болған Юрий желіде үндеуін жолдады. Ол трансгендерлердің құқығы үшін күресетінін мәлімдеді.

"Мен митингіге трансгендерлердің құқықығын қорғау үшін келдім. Оларға әрдайым қысым болатыны түсінікті. Біздің қоғам оларды қабылдамайды. Оларды ұрып-соғады. Менің де бүгін мұрным сынып, бас-ми жарақатын алдым. Мен ер адаммын. Трансгендер емеспін. Маған әйелдер ұнайды, бірақ, мен барлық адамның құқығы тең болғанын қалаймын. Қанша трансгендер қараңғыда, адамдардан жасырынып жүр. Олар мен секілді ашық шыға алмайды. Барлық адам өзінің жаратылысы үшін ұялмауы керек. Мен енді бұдан әрі қарай да күресетін боламын. Бұрын ЛГБТ мүшесі емес едім, енді соның мүшелігіне кіремін", - деді Юрий.

Митинг ұйымдастырушылар Толочконың митингке шығуы жоспарланған арандатушылық болуы мүмкін деп мәлімдеді.

"Толочконы кім ұрды? Мен ұйымдастырушы ретінде осы адамды тауып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуын сұраймын. Мен құқық қорғаушымын және мен үшін барлық азаматтардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу өте маңызды. Дискриминация және саяси жағдай қолайсыз. Біз барлығымыз саясатта ұзақ уақыт жүрдік, интернетті оқимыз және арнайы қызметтің барлық әдістерін жақсы білеміз" деп жазды Facebook-те митингтің ұйымдастырушысы Бақытжан Төреғожина.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды. "Егер бұл арандатушылық болса, онда арандатушылық сәтті болды", - деді олардың бірі.

Айта кетейік, Юрий Толочко қуыршақ әйелге үйленетінін айтып, көпке танылған еді. Пандемия салдарынан Марго есімді қуыршақ екеуінің үйлену тойын кейінге қалдыруға тура келді.