ШҚО-дағы алапат өрт: 100 тонна шөп, сиырлар мен жылқылар жанып кетті

Оқиға Шелехова ауылында болды.

ШҚО-дағы алапат өрт: 100 тонна шөп, сиырлар мен жылқылар жанып кетті
фото: egemen.kz

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында алапат өрт болды. Бородулиха ауданында жеке шаруа қожалығының 100 тонна шөбі мен 8 сиыры және 2 жылқысы жанып кеткен, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға Шелехова ауылында болды. Қызыл жалын шаруа қожалығының қора-қопсысын түгел шарпыған. Жалпы, от 600 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Өрт сөндірушілер тек 9 бас ірі қара мен 2 тракторды ғана аман сақтап қала алды. Өйткені, жұмылдырылған 8 өрт сөндірушіге өртті бірден ауздықтауға қағазша жанған шөп кедергі келтірген.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.