Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен (ВИДЕО)

Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болуға кеңес беріледі.

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Астаналықтарға жолдарда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді деп хабарлайды Paryz.kz, Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің кезекші бөлім бастығы Айбек Нартбаевтың айтуынша, елордада сағат 7:00-ден бері 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды және көлік жүргізу кезінде мүмкіндігінше мұқият және сақ болуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болуға кеңес беріледі.