27.08.2021, 10:37

Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдады

фото: ашық дереккөз

Министр баспасөз мәслихатынан кейін мәлімдеген. 

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттыққа отставкаға кетуді шешкенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Ермекбаев бұл шешімін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 4 әскери қаза тауып, ондаған адам жараланғанын, бірнеше кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған баспасөз мәслихатынан кейін мәлімдеген.