02.09.2020, 10:50

Қазақстанда кәсіпкерлердің несиесінің сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетіледі

сурет kapital.kz сайтынан

Бұл шара «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында жүзеге асырылады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, субсидиялау төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 12 айды қамтиды.

«Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету үшін ШОБ-қа берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер субсидияланып, қарыз алушы үшін жылдық сыйақы мөлшерлеме 6% -ке дейін төмендетіледі. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 12 айды қамтиды», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл шара "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында жүзеге асырылады.