04.06.2021, 17:10

Елбасы көмекшісі мен кеңесшісін тағайындады

фото: ашық дереккөз

Ал бұған дейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған Айдос Үкібай Тұңғыш президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Енді ол қос қызметті қатар алып жүреді.

Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Paryz.kz

Назарбаевтың шешімімен, Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының елбасының көмекшісі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарады. 

Ал бұған дейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған Айдос Үкібай Тұңғыш президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Енді ол қос қызметті қатар алып жүреді.

Сондай-ақ Нұрлан  Жамбылханұлы Қаймолдаев елбасының кеңсесі басшысының орынбасары болды.